Халық  міндетті  әлеуметтік  медициналық сақтандыру туралы не білуі керек?

Медициналық сақтандыру— сақтандырылушының жинаған қаражаты есебінен көрсетілетін медициналық көмектің халық деңсаулығын сақтау мақсатындағы әлеуметтік қорғау формасы.

Медициналық сақтандыру түрлері:

  • Ерікті  түрдегі  сақтандыру
  • Міндетті  түрдегі сақтандыру

Міндетті түрдегі сақтандыру дегеніміз –төтенше жағдай болғанда, мемлекеттің тарапынан ұйымдастырылған сақтандырылушыларға тегін медииналық көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік сақтандыру түрі.

Ерікті түрдегі медициналық сақтандыру -сақтандырудың  ең  перспективалы түрі  болып табылады.Қазіргі  заманауи әлеуметтік-экономикалық жағдайда ақысыз медицинаға көп адамдар жүгіне бермейтіндіктен ең бірінші орынға осы еркін түрдегі медициналық сақтандыру  кіреді,себебі ол сапалы қызмет көрсетудің кепілі болып табылады.

Мемлекет өзіне мынадай міндеттемелер алады:

а) Елдің барлық азаматтары үшін медициналық қызметтің тегін базалық пакетін ұсыну. Қазақстанда бұл 17млн-нан астам адамға қатысты. Бұл пакетке әдетте ауруларды болдырмау және алдын алуға бағытталған қызметтер, сондай-ақ медициналық қызметтің шұғыл және кезек күттірмейтін түрлері енеді.

б)Экономикалық белсенді емес тұрғындар үшін жарналарды МӘМС-ке аудару. Бұл оларға медициналық көмек алуды бірдей қамтамасыз ету үшін жасалады. Қазақстанда мұндай санатқа жататын азаматтардың саены халықтың жалпы санының 50 %дан астамын немесе 10 млн.адамды құрайды. Бұлар балалар, ересек адамдар,  көп балалы аналар мен жүкті әйелдер, жұмыс істемейтін мүгедектер және т.б.

Жұмыс берушілер сондай-ақ өз жұмыскерлерінің денсаулығы туралы қамқор болады. Өйткені дені сау және өнімді еңбек ресерстары кез-келген кәсіпорын табысының кепілі. Сондықтан МӘМС(Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) қызмет ететін барлық елдерде жұмыс берушілер медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар салады, олардың мөлшері еңбекке ақы төлеу қорының 3 % нан 15 % на дейіг.

Жұмыс істейтін азаматтар, егер олар нақты кәсіпорындарда жұмыс істейтін болса және өз істері болса, онда өз табыстарынан аударатын болады. Әлемдік практикада, егер азаматтар жалдамалы жұмыскерлер болса, онда олардың аударымдары жалақының 1%-нан 8,2-н құрайды, ал жеке кәсіпкер болса- онда олар жариялаған табыстың 7%нан 15,5%-на дейін.

Міне осылар медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етіп, оны Қазақстанның таңдап алуына негіз болады. МӘМС Қазақстанда 2017 жылдың 1 қаңтарынан енгізіліп, Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке бірдей қол жеткізуге кепілдік береді.

        Сізге МӘМС не береді?

1)      Қол жетімді емделуді

Сіз кез-келген, өзіңіздің таңдауыңыз бойынша, мемлекеттік немесе жеке медициналық көмек алуға құқылысыз. Сізге МӘМС пакеті аясындағы дәрігердің қабылдауынан терең тексерулер мен қымбат тұратын операцияларға дейін барлық қызметтер көрсетіледі. Олар бойынша шығынды Қор төлейді.

2)      Сапалы медициналық көмек.

Әрбір клиника Сізге жоғары білікті қөмек көрсетуге мүдделі. Өйткені ауруханалар мен емханалар МӘМС пакетіне енетін сапалы қызмет көрсеткені үшін Қордан ақша алатын болады.

3)      Тегін және қол жетімді дәрілер

Сіз аурулар түрі бойынша мемлекет белгілеген тегін дәрілік заттарды алуға құқылысыз. Қор дәріханалар қызметіне ақы төлеуді өз міндетіне алады.

4)      Сіздің құқықтарыңызбен міндеттеріңізді қорғау.

Егер Сіз емдеуден бас тартуға немесе сапасы нашар қызметке кездессеңіз, онда Қорға жүгініңіз, ол Сізді қорғап, Сіздің мүдделеріңізді жақтайтын болады.

5)      Өз денсаулығыңыз туралы толық ақпарат

Денсаулық сақтаудың жаңа электрондық жүйесі жасалады, оның аясында Сіз жеке кабинетке ие боласыз.

Сіздің аударымдарыңыздың мөлшері қандай болмақ?

Егер Сіз қызметкер болсаңыз.

Сіз үшін жұмыс беруші 2017 жылдан бастап ай сайын 2 % дан 2020 жылға қарай 5%-дан төлейтін болады.

Сіз өзіңіз қызметкер ретінде 2019 жылдан өзіңіздің айлық еңбекақыңыздан 1 %-дан бастап, 2020 жылға қарай — 2% төлейсіз.

Егер Сіз жеке кәсіпкер болсаңыз

Онда 2017 жылы ай сайын өз табысыңыздан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2 % аудару қажет. 2018ж- 3%, 2019ж-5%, 2020 жылдан -7%.

Мысалға, Сіздің жеке кәсіпкер ретіндегі ай сайынғы табысыңыз 100 000 теңге болды. Қорға аударым 2 000 теңге құрайды.

Егер Сіз мына тізімдегі санатқа кірсеңіз

Онда 2017 жылы оның алдындағы 2 жылдың экономикасы бойынша орта айлық жалақыдан 4% төлейді, 2018 жылдан -5%, 2023 жылы-6%, 2024 жылдан-7%.

  • Балалар;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа»алқаларымен марапатталған көп баоалы аналар немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алғандар, сондай-ақIжәне IIдәрежелі«Ана Даңқы» ордендерімен марапатталғандар;
  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
  • Мүгедектер;
  • Жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
  • Интернат ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін адамдар;
  • Техникалық және кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ резидентура түріндегі жоғары білімнен кейінгі ұйымдара күндізгі бөлімде оқитын адамдар;
  • Бала тууына, жаңа туған балагы, асырап алуына байланысты, баланы ол 3 жасқа жеткенше лүту бойынша демалыста жүргенадамдар.
  • Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ баланы ол 3 жасқа толғанша нақты тәрбиелеуші жұмыс істемейтін адамдар;
  • Зейнеткерлер;
  • Сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген адамдар;
  • Уақытша изоляторлар мен тергеу изоляторларында ұсталып отырған адамдар;

 

Егер Сіз жұмыс істемесеңіз

Онда Сіз жергілікті еңбекке орналастыру орталығына барыңыз, онда Сізге жұмысқа орналасу нұсқаларын ұсынады. Егер лайықты жұмыс болмаса, Сізді жұмыссыз ретінде тіркейді. Бұл жаағдайда Сіз үшін мемлекет төлейді.

 

Қорытынды

Медициналық сақтандырудың жұмыс істеуі медициналық қызмет көрсету саласында нарықтық қатынас тудырады. Бұл өз кезегінде, медициналық қызмет көрсететін — медициналық мекемелердің, олардың қызметкерлерінің, жеке машықтанушы дәрігерлердің еңбегінің саны мен сапасына нақты баға беруге мүмкіндік тудырады. Басқа жағынан, науқастар емдеу-профилактикалық мекеме мен нақтылы дәрігерді таңдау құқығы пайда болады. Бұл міндетті медициналық сақтандыру қоры тарапынан емделушілердің мүддесін қорғаумен қосарланады: ол медициналық қызметтер көрсетудің сапасы мен көлеміне сараптық баға бере алады, емдеу нәтижелеріне кінәрат-талап таға алады, ал қажеттік кезінде емдеуші мекемеге немесе жеке машықтанушы дәрігерге экономикалық санкциялар қолдана алады. Жалпы алғанда, медициналық сақтандырудың дамуы қазіргі кездегі денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерді азайтып, жүйесіз жүрген істерді біршама жүйелеуге жол ашады. Бұл әлемдік тәжірибеде дәлелденген.

Қарқаралы районы Орталық аудандық аурухана ішілік емханасында МӘМС жайлы толық ақпарат беру үшін арнайы кабинет жұмыс жасайды.

Жұмыс уақыты 8.00- ден, 20.00-ге дейін.

Келіңіздер, күтеміз.

 

 

 

        Әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Майборикова С.К.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *